Көпбалалы отбасыларға жылына бір рет 100 мың теңгеден беріледі

2235

Сонымен қатар,1 наурыздан бастап алтынқұрсақты аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады.

Көпбалалы отбасыларға жылына бір рет 100 мың теңгеден беріледі

Шымкент қаласының әкімі болса көпбалалы аналарды тұрмыстық таршылықтан құтқаруға кірісті. Есеп беру жиынында Ғабидолла Әбдірахымов алтын құрсақты аналарды материалдық көмекпен жарылқаймыз деп уәде берді. Сөйтіп, көп баласы бар отбасыларға жылына 1 рет 100 мың теңгеден үлестіретін болды. Мұндай қаржылық демеу биылдан кешіктірілмей, тамыз айынан бастап берілмек.

Әкімнің мәліметінше, еліміздің үшінші мегаполисінде көпбалалы аналардың саны 31 мыңнан асады екен.

Сонымен қатар,1 наурыздан бастап алтынқұрсақты аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады. Әкімдік нарық талабын ескере отырып, көлік компанияларының осы бағыттағы шығындарына субсидия ретінде қаржы бөледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу