Көпбалалы отбасынан шыққан балалар әлемнің үздік университеттеріне оқуға түсті

1805

Бағдарлама әлемнің ең жоғары дәрежелі университеттеріне есік ашады.

Көпбалалы отбасынан шыққан балалар әлемнің үздік университеттеріне оқуға түсті Фото: «Мирас» мектебінің баспасөз қызметі

Көптеген адамдар армандап қана жүрген халықаралық білім беру ошақтары енді үздік нәтиже көрсеткен көпбалалы және жалғызбасты отбасынан шыққан балаларға да қолжетімді болды. "Халық" және NNEF қорлары балаларға "Мирас" халықаралық мектебінде оқуға гранттар беру арқылы олардың сапалы білім алуына жағдай жасады. Дарынды балалар олимпиадалар мен ғылыми байқауларда жеңіске жетіп, нәтижесінде әлемнің үздік университеттеріне түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Халықаралық бакалавриат дипломдық бағдарламасы (IB DP) 1968 жылы құрылған. Әлі күнге дейін ең беделді бағдарламаның бірі болып саналады. Өйткені ол студенттерге әлемнің ең жоғары дәрежелі университеттеріне есік ашады. "Мирас" халықаралық мектебінде 2002 жылдан бастап осы бағдарлама бойынша оқытылады, бірақ табысы төмен отбасылар үшін оның қолжетімділігі шектеулі болатын. Мұның бәрін "Халық" және NNEF қорларының гранттық бағдарламасы түбегейлі өзгертті, соның арқасында конкурстық іріктеуден кейін "Мирас" мектебінде көпбалалы және бір ата-анасы бар отбасылардың дарынды балалары оқуға мүмкіндік алды.

"Бізде республикалық, тіпті халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары бар. Мұның бәрі білім беру қорының және, әрине, "Халық" қайырымдылық қорының қаржылай қолдауының арқасында мүмкін болды. Басқа жағдайларда аталмыш мектепте қомақты қаржының көмегінсіз білім алуға мүмкіндігі жоқ дарынды балалар осында оқи алатын болды. Биылғы жылы енді түлеп ұшқалы отыр", - дейді IB дипломдық бағдарламасының үйлестірушісі Игорь Гуральник.

Биылғы оқу жылында "Мирас" мектептерінде 35 оқушы IB бағдарламасы бойынша диплом алды. Олардың бесеуі – "Халық" қайырымдылық қорынан жүз пайыз грант иегерлері, ал сегіз студент – "NNEF" қоғамдық қорынан грант иегерлері.

"Мен осындай бағдарлама бойынша осындай мектепте оқығаныма өте ризамын.  Өйткені бұл менің өмірімді өзгертті, менің болашағыма, көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Мен инженер болуды армандаймын, Азия университеттеріне өтініш беруді жоспарлап отырмын", - дейді "Мирас" халықаралық мектебінің оқушысы Мирас Ықыласбеков.

Гранттық бағдарламаны ұйымдастырушылар олар үшін қаржыландырудың түпкілікті нәтижесін көру маңызды екенін және байқау жеңімпаздарының қашанда өз мақсаттарына жететінін айтады.

"Грантқа ие болған жастардың оқуда тамаша нәтижелер көрсететіп жүргеніне қуаныштымыз. Оның үстіне, олардың деңгейін тек мектептің өзі ғана бағаламайды. Оқушылар халықаралық олимпиадаларда, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, алтын медальдарға ие болды. Бұл жобаның шын мәнінде маңызды әрі үлкен мәнге ие екендігінің дәлелі", - дейді "Халық" қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүңкеев.

"Халық" және NNEF қорларының гранттық бағдарламасының алдыңғы жылдарында Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 426 оқушы өз білімдерін сынады.  Биыл 557 өтінім келіп түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу