Көпбалалы және толық емес отбасылар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы әзірленді

2515

Бағдарлама бойынша салынған үйлердегі құны 15 млн теңгеден аспайтын шағын пәтерлер ғана несиелендірілетін болады. 

Көпбалалы және толық емес отбасылар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы әзірленді

Алматы билігі көпбалалы және толық емес отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарламаны іске қосады, деп хабарлады қала әкімі Бауыржан Байбек.

"Алматыда "Бақытты отбасы" арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге аспақ. Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасының көпшілігінің бастапқы жарнаны төлеуге қаражаты жоқ. Сондықтан қала бюджетінен 1 млн теңге сомасында тұрғын үй сертификаты бөлінетін болады. Алғашқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, мөлшерлеме 18 жылға 2 пайыз", – деді әкім халыққа есеп беру кездесуінде.

Сондай-ақ, ол аталған бағдарлама бойынша салынған үйлердегі құны 15 млн теңгеден аспайтын шағын пәтерлер ғана несиелендірілетін болады деп атап өтті.

"Биыл Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден астам пәтер тапсырылады. Сонымен қатар, ескі тұрғын үй орындарында жаңа құрылыс салуға арналған резервтер бар. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында бес жыл ішінде 23 мың пәтер салу жоспарлануда", – деп атап өтті әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу