Көпформатты сауда нысандарының саны артады

706

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 52 мыңнан астам бизнес субъектісінің жобасына қаржылық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Көпформатты сауда нысандарының саны артады

Қолдау шарасы "Кәсіпкерлікті дамыту" жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылатынын жеткізген министр кәсіпкерлердің әкімшілік жүктемесін азайту жоспарланып отырғанын айтты.

"Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйеcін "Бизнеске арналған үкімет" порталына интеграциялау 2025 жылы шағын және орта бизнес субъектілері үшін көрсетілген мемлекеттік қызмет үлесін 40%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлерге кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру ұсынылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант бөлу ауылда 55 мың жаңа бизнес субъектісін құруға мүмкіндік береді", – деді Әсет Ерғалиев.

Оның сөзінше, ұлттық тауар өткізу желісін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады. Бөлу, сату және сақтауға арналған 24 көтерме-тарату орталығы мен 5 трансшекаралық сауда орталығын құру және жаңғырту, сондай-ақ стационарлық форматта 103 сауда нысанын жаңғырту жұмысы қолға алынады. Нәтижесінде көпформатты сауда нысандарының саны 6-дан 132 бірлікке дейін артады", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу