Құтқарушылар көпірден секірмек болған жасөспірімнің өмірін сақтап қалды

403

Құтқару қызметінің диспетчері жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне кедергі жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар көпірден секірмек болған жасөспірімнің өмірін сақтап қалды Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін таңғы сағат 09.00 шамасында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне аспалы көпірден секіргелі тұрған жасөспірім туралы хабарлама түскен.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады.

Ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу