Прокуратура мердігер компанияны сәулет-құрылыс заңнамасын бұзды деп айыптады. Олар жобалау-сметалық құжатына сараптама жасатпай, іске кірісіп кеткен. Техникалық-авторлық қадағалау да жасалмаған. Құжаттарынан шикілік табылған компанияларға 612 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ тағы 2 құрылыс ұйымы үлескерлерден заңсыз ақша жинаған. Компания тұрғын үйдің қазығын қақпай жатып, пәтерлердің барлығын сатып жіберген. Бұл компанияға қанша үлескер қаржы салғаны әзірге белгсіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу