Көпқабатты үйді бюджет есебінен қалай жөндеуге болады?

584

Қаржы бюджеттен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде қайтарымды негізде пайызсыз беріледі.

Көпқабатты үйді бюджет есебінен қалай жөндеуге болады? Фото: almaty_akimat

Алматы тұрғындары көпқабатты үйдің төбесін, қасбетін немесе лифтін жөндей алады, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үйдегі пәтер иелерінен өтінім беру қажет. Соның арқасында тұрғындар күрделі жөндеу жүргізіп, шатырды, инженерлік және электр желілерін ауыстыруды, кіреберісті және т.б. жұмыстарды атқара алады.

"Қаржы бюджеттен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде қайтарымды негізде пайызсыз беріледі. 2011-2022 жылдары бағдарлама аясында 965 көпқабатты үй жөнделді. Биылғы кезекте - 100 көппәтерлі үй тұр. Бағдарламаға қатысу үшін жиналыста тұрғын үйді жөндеу туралы шешім қабылдайды. Одан кейін хаттама мен өтінімді бағдарлама операторы "Алматы Тұрғын үй" ЖШС жолдау керек", - делінген әкімдік хабарламасында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу