Балаларымен подьезде ұйықтаған: Ақтауда мас ана сотқа тартылды

380

Ол ата-ана құқынан шектелуі мүмкін.

Балаларымен подьезде ұйықтаған: Ақтауда мас ана сотқа тартылды Фото: видео скриншот

Ақтау қалалық білім бөлімі балалармен бірге кіреберісте мас күйінде ұйықтап жатқан әйелді сотқа берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық білім бөлімі осылайша шара қолданбақ. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа екі баланың анасының ата-ана құқығын шектеу туралы талап арыз берілді. 

Бұдан басқа, осы дерек бойынша материал Ақтау әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шағын аудандағы №28 үйдің кіреберісінде мас күйінде ұйықтап жатқан әйелдің втдеосы әлеуметтік желіге тарады. Оның жанында екі баласы болды. Куәгерлер балаларға жылы жамылғы жауып, тәртіп сақшыларын шақырған болатын.                                                                                                                                                                 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу