Әлихан Смайылов бастаған министрлер кабинетінің жұмысын сынаған президент бүгінгі жолдауында осылай деді. Әрине, заңға сәйкес Мәжіліс депутаттарының сайлауынан кейін үкіметтің отставкаға кететіні түсінікті.
Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев сол сайлаудың нәтижесінде парламентке өткен партиялардың өкілдері де министрлер кабинетіне кіруі мүмкін екенін айтты. Яғни енді тек аманаттық шенеуніктер ғана емес, "Ақжол", Халық партиясы, Ауыл сияқты өзге де саяси күштердің өкілдері министр немесе вице-министр болуы әбден ықтимал.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу