Көппартиялы жүйеге басымдық беріледі

952

Әйелдер мен жастарға саяси белсенділігін танытуына жағдай жасалады.

Көппартиялы жүйеге басымдық беріледі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың мәлімдеуінше, саяси партия құру мен тіркеу талабының жеңілдетілуі көппартиялы жүйенің нығаюына ықпал етеді. 

"Президентіміздің ұсынысымен бүгін қабылданып отырған заңдар елдің саяси өмірінде ерекше мәнге ие. Саяси партия құру мен тіркеу талабы едәуір жеңілдетіліп отыр. Партияларды тіркеудің талаптық шегі төмендетілді. Қабылданған заңдар көппартиялық жүйені одан әрі нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз", – деді Мәулен Әшімбаев сенаттың жалпы отырысында.

Ол әйелдер мен жастардың саяси белсенділігін танытуына жағдай жасалып жатқанын жариялады. 

"Партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30% міндетті квота белгіленді. Квота әйел адамдар мен жастарға еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуына қосымша мүмкіндік береді. Мұндай өзгертулерді демократиялық даму жолындағы нақты қадам деп қарастыруымыз керек. Олар саяси жүйені ары қарай дамытуға үлес қосады деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

Қанат Махамбет 

Фото: minval.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу