Көппәтерлі тұрғын үйлердің 97,2% басқарудың жаңа нысанына ауысты

596

Елімізде 45 425 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшті.  

Көппәтерлі тұрғын үйлердің 97,2% басқарудың жаңа нысанына ауысты Фото: Dauletten.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарушы директоры Марғұлан Әбдікәрімов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда республика бойынша 46 714 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінен 45 425-і жаңа нысандарға көшті. Оның ішінде 5581 мүлік иелері бірлестігі, қалғаны жай серіктестіктер. Яғни, бұл 97,2 пайызды құрайды" - деді Марғұлан Әбдікәрімов тілшінің сауалына берген жауабында.

Бұдан бөлек МИБ төрағасы Еркебұлан Меңжасаров тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарының тиімділігіне қатысты пікір білдірді. 

"МИБ тұрғындар үйді басқаруды өз қолдарына алғаннан кейін көптеген жақсы жақтарын байқап жатыр. Қазір бір үй бірігіп, өздерінің жеке шотын ашып, қаражаттың ашықтығын, жүргізіліп жатқан жұмысқа бақылау мүмкіндігін беріп отыр. (...) Әр кіреберісте ақпараттық тақталар ілінген. Сол жерден ай сайынғы есеп беріліп тұрады. Бұдан басқа әлеуметтік парақшаларда жүргізіліп жатқан жұмысты, әр сайынғы есептің бәрін көрсетіп отырамыз. Тұрғындардың пікірін білу үшін сауалнама жүргіземіз", - деп жауап берді Еркебұлан Меңжасаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу