Көппәтерлі үйлер "Бір үй-бір бірлестік-бір шот" қағидатымен басқарылады

1206

Тұрғын үйді одан әрі күрделі жөндеу үшін жинақ жүйесі енгізілді.

Көппәтерлі үйлер "Бір үй-бір бірлестік-бір шот" қағидатымен басқарылады

Тұрғын үй заңнамасын жетілдіру бойынша түзетулер өткен жылдың соңында қабылданды және биылғы 7 қаңтарда күшіне енді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылдың қорытындылары мен 2020 жылғы міндеттерге арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2019 жылы тұрғын үй заңнамасын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Әзірленген түзетулер өткен жылдың соңында қабылданды және 7 қаңтарда күшіне енді", – дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, заңнамалық деңгейде көппәтерлі үйлерді басқаруда "Бір үй – бір бірлестік – бір шот" қағидаты бойынша "мүліктің меншік иелері бірлестігі" коммерциялық емес ұйымын құрудың жаңа нысаны көзделген.

"Тұрғын үйді одан әрі күрделі жөндеу үшін жинақ жүйесі енгізілді (0,005 АЕК – 1 шаршы метр үшін 13,3 теңге). Басқару органдарының қызметі ашық жүргізіледі, сондай-ақ басқару органдарын меншік иелері тарапынан бақылау және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды, газ және газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалану нормалары көзделген. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметі реттелген және құралдарды сатып алу ашық жүргізіледі",– дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу