Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін онлайн-дауыс беру құралдары пайда болады

511

"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңы ақпараттандыру нысандары арқылы дауыс беруге мүмкіндік береді.  

Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін онлайн-дауыс беру құралдары пайда болады Фото: Depositphotos

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып онлайн дауыс беру құралдарын шығаруға жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz министрлік сайтына сілтеме жасап.

ТКШ саласы көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысанына көшіру реформасын іске асыруды қажет етеді. Ол үшін көппәтерлі үйлердің тұрғындары жалпы жиналыс өткізіп, меншік нысанын – мүлік иелерінің бірлестігін немесе серіктестікті анықтауы қажет.

Алайда, бұл процесс қиын, өйткені дауыс беру кезінде көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері/үй-жайлары иелерінің жалпы санынан 50% - дан астамының дауысы тіркелуі керек, ал мұндай дауыстарды қысқа мерзімде жинау мүмкін емес.

"Процедураларды жеңілдету үшін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып онлайн дауыс беру құралдарын шығаруға жұмыс жүргізуде", - делінген хабарламада.

Қазірдің өзінде Қазақстанда "Aula", "e-Knot", "Басқарма"сияқты Ақпараттық жүйелер қосылған. Олар онлайн жиналыстар өткізуге және дауыс жинауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу