Көппәтерлі үйлердің тұрғындары жер салығын төлемеуі мүмкін

1357

2020 жылы жер мен мүлік салығы біріктіріледі.

Көппәтерлі үйлердің тұрғындары жер салығын төлемеуі мүмкін

Заңнамаға жер мен мүлік салығын ортақ сомамен төлеу туралы өзгерту енгізілмекші. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов осындай мәлімет айтты.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң  жобасына жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын төлеуді жеңілдетудің жолын енгізбекшіміз. Ол үшін салық элементтерін өзгертпестен, осы салықтарды біріктіру ұсынылып отыр. Бұл жағдайда жер мен мүлікке салынатын салық бұрынғыдай жеке-жеке есептеледі, ал салық төлер кезде иесі оны бір сомамен төлей алады. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелерін жер салығынан босату да заң жобасымен қарастырылған", – деді Дәулет Жарылғасынов.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу