"Көптен күткен бақыт": Төреғалидің қарындасы ана атанды

3336

Фариза Төреәлі жүктілігін көпшіліктен жасыруға мәжбүр болған.

"Көптен күткен бақыт": Төреғалидің қарындасы ана атанды Фото: instagram.com

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі ана атанды. Бұл туралы блогер Instagram парақшасында жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Раббымыз бізге ата-ана болу бақытын нәсіп етті, Аллаху Акбар! 

Біз көп күткен бақыт.. біз көп тілеген бақыт..
Раббымыз бұл сезімдерді сезінуді бұйыртты. Шексіз мадақтар менен мақтаулар болсын!", деп ағынан жарылды ол.

Сондай-ақ, блогер 9 ай бойы жүктілігін барынша жасырғанын айтты.

"9 ай бойы жүктілігімді көпшіліктен жасырып келдім, себебі тіл-көзден барынша сақтандым. Алла қалап дүниеге сәби алып келіп бәрін сезініп бастағанымыз сол еді артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар орын алды. Жақындарымыздың бәрі дайындалып, роддомнан шығаруға ұшып келіп, дәл выписка күні анализдер нәтижелері болмай шығармай қойған еді. Бірнеше күндерден соң толық тексеріс керек екендігін, содан соң диагноз қойылатынын айтып шығуға рұқсат берді. Ұзақ күткен бақытты күнімізде солай қалай қуанарымызды білмей қалдық, түрлі сезімдер ойнап жатты. Бірден Түркияға баруға жолдасым тез шешім қабылдап, келесі күні 7 күндік баламызды қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Бұл да Алланың жоспары", деді Фариза Төреәлі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу