Бұл туралы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры Мұрат Шәріпов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануды тоқтату жайындағы ұсыныстарды да ескергенін айтты.
– Бұл бағыт – заңмен белгілінген, рұқсат берілген бағыт. Сондықтан қазір оны тоқтату немесе қайта қарау мәселесі күн тәртібінде жоқ. Әр азамат өзі шешім қабылдайды. Бүгінгі таңда оны азаматтар түсініп келе жатыр. Елдің бәрі қолданып қойған жоқ. Қолданбаған да азаматтар бар. Ол кісілер – болашақ зейнетақысын жоспарлап отырған азаматтарымыз. Егер де қолданған азаматтар қосымша төлемдерін ұлғайтып, болашақ зейнетақыларын жоспарлап жатыр. Төменгі шекті өзгерту мәселесі де қарастырылып жатқан жоқ, – деді ол.
Өз кезегінде Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов осы кезге дейін мерзімінен бұрын алынған БЖЗҚ қаржысының көлеміне тоқталды.
– БЖЗҚ салымшылары 4,6 трлн теңгені мерзімінен бұрын алды. Оның 84 пайызы баспана мәселесін жақсартуға пайдаланылған, – деп нақтылады спикер.