Көптің талқысына түскен тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі

1771

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Көптің талқысына түскен тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі Фото: видео скриншот

Қазақстанда тағы бір сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда республика соттарының тікелей эфирде отырыстар өткізу тәжірибесі жалғасуда.

"Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамның абайсызда өліміне әкеп соққан (293-бап, 1-бөлім, 351-бап, 3-бөлім) сотталушыға, бұзақылық жасады және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзды деп айыпталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті отырыс өтеді. Осы істі сотта қарауға қоғамдық қызығушылықты ескере отырып, сот отырыстарын онлайн-трансляциялауды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот отырысы 24 сәуір сағат 15:00-де өтеді. Сот ісін Онлайн-трансляциялау Жоғарғы Соттың YouTube-каналында жүргізіледі (трансляцияға сілтеме қосымша орналастырылады).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу