Қор биржасында акциялардың саудасы 2 есе төмендеді

1456

Акциялардың сатылымы бірден 64 пайызға азайған.

Қор биржасында акциялардың саудасы 2 есе төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы барлық нарықтарда сауда төмендеді. Атап айтқанда, акциялардың сатылымы бірден 64 пайызға азайған, шетелдік валюталар 5,2 пайызға, ақша нарығы 4,4 пайызға құлдырады, деп хабарлайды Atameken Business.

Биржа  өкілдерінің айтуынша, бұл маусымдық жағдай. Сондай-ақ, сауданың азаюына ірі компаниялар акцияларының құлдырауы әсер еткен. Мысалы, KAZ Minerals бағалы қағаздары бірден 29 пайызға төмендеген. Оған Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы салдарынан мыс бағасы арзандауы себеп болған.

Жалпы алғанда, биржаның индексіне кіретін 7 компанияның 5-уі минусқа кетті. Нәтижесінде, Касенің индексі де 5 пайызға түсті. Ал валюталар нарығында Ұлттық банктің базалық ставканы көтеруі оң нәтиже бере бастады. Соңғы екі күнде төл валюта күшейді. 

Еске салсақ, бүгін доллар 21 тиынға әлсіреп, бір көкқағаздың құны 386 теңге 11 тиынды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу