Қор биржасында сауда 512,25 теңге бағамымен жабылды

962

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша ауыстыру орындарында АҚШ валютасын сатып алу 515 теңге, сату 520 теңге.  

Қор биржасында сауда 512,25 теңге бағамымен жабылды

Қазақстан қор биржасында соңғы мәмілелер 1 доллар үшін 512,25 теңге бағамымен жабылды, деп жазды inbusiness.kz. 

Орташа сараланған бағам 90 тиынға әлсіреп, бір доллар үшін 511,74 теңге деңгейінде қалыптасты. Ал рубльге қатысты кросс-бағам паритетті қалпына келтіріп, бір рубль үшін 4,6 теңге бойынша транзакциялар жасалды.

Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы бір рубльге 4,4 теңге шамасында.

Ал банктік қосымшалардағы доллар бағамы өзгерген жоқ. 1 долларды сатып алу – 513 теңге, сату – 519 теңге.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша ауыстыру орындарында АҚШ валютасын сатып алу – 515 теңге, сату – 520 теңге.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу