Қор биржасындағы құлдырау әлемдік биржа тарихындағы қалыпты жағдай - сарапшы

1270

Қор биржасындағы құлдырау әлемдік биржа тарихындағы қалыпты жағдай - сарапшы

Нью-Йорк қор биржасының хабарлауынша, 5 қаңтар күнгі сауда сессиясында "Dow Jones" 1200  пунктке, ал "S&P 500" рейтингі 4%-ға қысқарған.  Бұл жағдай ақпанның 8 күні де қайталанған.  Әлемдік  БАҚ-тың  "Dow Jones" - тегі жағымсыз қобалжулардың  себебін сан-саққа жүгірткен пікірлері кеше ғана сабасына түсті, деп хабарлайды abctv.kz.
"TeleTrade"  агенттігінің сарапшысы Петр Пушкарев қор биржаларындағы мұндай құлдырау әлемдік биржа тарихында қалыпты жағдай екенін айтады.

"Мұндай дүмпулерлердің ұзақтығы екі - үш толқынмен шектеліп қалуы мүмкін. Қазір биржа ойыншылары жақсы табыс әкелетін және үнемі өсім көрсететін нарықты күтіп отыр"  –  дейді.

Сарапшылардың басым көпшілігі АҚШ биржасындағы жағдайды АҚШ экономикасындағы өсіммен байланыстырудың қажеті  жоқ деген  пікірге басымдық бере бастады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу