Нұрлан Нығматулин: Қор нарығы халықтың қосымша табыс көзінің біріне айналуы керек

848

"Халықтық IPO" бағдарламасы қайта жаңғыртылмақ.

Нұрлан Нығматулин: Қор нарығы халықтың қосымша табыс көзінің біріне айналуы керек

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралған сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша заң жобасының жекелеген нормаларына тоқталды, деп жазды inbusiness.kz.

Заң жобасын талқылау барысында халықтың бағалы қағаздар нарығына қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оның ішінде IPO арқылы жекешелендіру процессі бар.

"Сонау 2012 жылы Елбасы IPO арқылы азаматтарымызды жекешелендіру үдерістеріне қатысу туралы міндет қойған болатын. Биылғы жылы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысында ел Президенті акцияларды бірінші кезекте жеке тұлғаларға – Қазақстан азаматтарына сату арқылы "Халықтық IPO" бағдарламасын қайта жаңғырту міндетін атап өтті. Осылайша елдің әр азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін ие болады", – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, қор нарығы қазір болып жатқандай жай ғана капиталды қайта бөлу орны болып қалмай, халық үшін қосымша табыс көзінің біріне айналуы керек.

"Квазимемлекеттік сектор объектілерін жоспарланған жекешелендіру халықтың инвестицияға қатысуын жеңілдетеді және сайып келгенде, қазақстандықтардың табысының өсуіне әсер етеді", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу