Бүгін АҚШ-тың негізгі қор индекстері тағы 3 пайызға дейін түсіп кетті. Салдарынан соңғы 2 күнде Форбстағы тізімнің алғашқы ондығына кіретін америкалық миллиардерлер кемі 40 млрд доллардан қағылды, деп хабарлайды Atameken Business.
Мәселен, әлемдегі ең дәулетті азамат Amazon жетекшісі Джефф Безостың байлығы 1,5 пайызға азайған. Бұл – шамамен 5 млрд доллар. Еуропадағы сән үйлерінің иесі Бернар Арно да осындай шығынға ұшыраған. Microsoft-тың қожайыны Билл Гейтс 1,5 млрд доллар жоғалтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу