Қор нарығында доллар 0,44 теңгеге қымбаттады

457

Бүгінгі доллар бағамы - 

Қор нарығында доллар 0,44 теңгеге қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,44 теңгеге көтеріліп, 481,63 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 тамыздағы ресми бағамы долларға 481,22 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 481,15 теңгені, сатылымы 482,61 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 479,03 теңгеден сатып алынып, 483,01 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу