Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,49 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450,79 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 451,38 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 452,1 теңге, сатып алу – 453, 9 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 449 теңгеден болса, сатып алу – 454 теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу