Қор нарығында доллар 1,78 теңгеге қымбаттады

472

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қор нарығында доллар 1,78 теңгеге қымбаттады Фото: inbusiness.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,78 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 445, 99 теңге.

Ұлттық банктің 12 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 22 теңге. 
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 444,5 теңге, сатып алу – 447,5 теңге. 
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 447,5 теңге. 
Ресей рублі 5,62 – 5,72 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу