Қор нарығында доллар 2,55 теңгеге көтерілді

461

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,55 теңгеге көтеріліп, 445,29 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қор нарығында доллар 2,55 теңгеге көтерілді Фото: inbusiness.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша 12:00-де 64,59 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 488,54 теңге, рубль бағамын 5,58 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447,5 теңгеден, еуро 486-496 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы қайта қалпына келді. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері барреліне 0,82%-ға қымбаттап, 72,92 доллар, WTI маркалы мнайдың маусымдағы фьючерстері 0,58%-ға өсіп, 69 доллар болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу