Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,99 теңгеге көтеріліп, 458,13 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 23 тамыздағы ресми бағамы - 453,13 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 457,69 теңге, сату – 464,28 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 458,28 теңгеден сатып алынып, 464,54 теңгеден сатылып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу