Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,37 теңгеге арзандап, 535,99 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 535,67 теңгеден сатып алынады, 537,66 теңгеден сатылады. Еуро 625,15-629,24 теңге, ал рубль 6,56-6,67 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,47 теңгеден сатып алынады, 76,11 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 532,52 теңгеден сатып алынады, 539,49 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу – 620,36 теңге, сату – 630,36 теңге;
– рубль: сатып алу – 6,56 теңге, сату – 6,67 теңге.
– юань: сатып алу – 73,46 теңге, сату – 76,72 теңге.