Қор нарығында доллар арзандап, теңге нығайды

156

Ұлттық банктің 20 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 503,61 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге. Еуро – 524,96.

Қор нарығында доллар арзандап, теңге нығайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500,7 теңге. Еуро 521 - 525 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 506 теңге, сатып алу құны – 500 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 519 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,44 - 5,65 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу