Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 518 – 524 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 525,5 теңге. Еуро 534 — 541 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 518 теңге, сатып алу құны — 524 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу