Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,91 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 492,65 теңге.
Kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 495,9 теңге.Еуро 526 — 530 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 492 теңге, сатып алу құны – 497 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу