Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,98 теңгеге арзандады. Ұлттық банктің 20 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 497, 26 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 497,7 теңге. Еуро 522,5 – 526 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 494 теңге, сатып алу құны – 499 теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу