Қор нарығында доллар қайта қымбаттап кетті

167

Ұлттық банктің 4 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 499,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге. Еуро – 521,12. 

Қор нарығында доллар қайта қымбаттап кетті Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,43 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 499,74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500 теңге. Еуро 521 – 526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 497 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,46 - 5,61 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу