Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,09 теңгеге арзандады.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532 теңге. Еуро 544,5-549,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 531 теңге, сатып алу құны – 533 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,19 аралығында саудаланып жатыр.