Қор нарығында доллар тағы қымбаттап жатыр

219

Бүгінгі доллар бағамы - 483,65 теңге. 

Қор нарығында доллар тағы қымбаттап жатыр Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,81 теңгеге көтеріліп, 483,65 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 тамыздағы ресми бағамы долларға 482,78 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 482,15 теңгені, сатылымы 484,34 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 479,84 теңгеден сатып алынып, 484,00 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу