Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,88 теңгеге арзандады.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 514 теңге. Еуро 531-536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 511,9 теңге, сатып алу құны – 517 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,22-5,32 аралығында саудаланып жатыр.