Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандады

165

Бүгінгі доллар бағамы - 484, 11 теңге.   

Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,75 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 484, 11 теңге.

Ұлттық банктің 14 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 487, 37 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 487,1 теңге. Еуро 528–532 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу