Қор нарығында теңге нығайып келеді

158

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,95 теңгеге арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қор нарығында теңге нығайып келеді Фото: Финансы mail

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 498 теңге. Еуро 518 – 523 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 504 теңге, сатып алу құны – 498 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,34 – 5,48 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 501,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,33 теңге. Еуро – 520,11.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу