Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,52 теңгеге арзандады.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 513,5 теңге. Еуро 528-533 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 510,5 теңге, сатып алу құны – 516,5 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 533,5 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19-5,29 аралығында саудаланып жатыр.