Қор нарығындағы басқарушы компаниялардың табысы екі есеге қысқарды

1185

Салдарынан алғы шептегі 4 кәсіпорын шығынға батқан.

Қор нарығындағы басқарушы компаниялардың табысы екі есеге қысқарды

Қор нарығындағы басқарушы компаниялардың табысы екі есеге қысқарды, деп хабарлайды Atameken TV.

Жеті айдағы жалпы түсім 4,8 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылға қарағанда 55%-ға төмен. Салдарынан алғы шептегі 4 кәсіпорын шығынға батқан. Оның ішінде алпауыт "Фридом Финанс" компаниясы бар. Жылдық шығын 2,4 млрд теңгеге жеткен.

Дегенмен, аталмыш нарық қатысушылардың активтері 43 пайызға өсім көрсеткен. Көш басында 61,5 млрд теңгемен "Фридом Финанс" және 31,4 млрд теңгемен "Halyk Finance" тұр. Сондай-ақ, үздіктер қатарына 23,5 млрд теңгелік үлеспен "BCC Invest" компаниясы кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу