Қорада бие сауып, қымызын шетелге сатып отыр

284

Жалпы шаруа 10 жыл бойы қымыз сатып, төрт түлік байлап келеді.

Қорада бие сауып, қымызын шетелге сатып отыр Фото: jurnalist.kz

Жамбыл облысында қарапайым ауыл шаруасы қорада жүріп-ақ, қымызын шетелге сатып отыр. 53 жастағы тұрғын өнімін Ресей мен Түркияға жиі жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Аптасына кемі 30 литр қымызын сатады. Тіпті шетелдіктер қажет болса, қымызды ұшақпен күтіп алуға әзір екен. Кейде пойызбен де жөнелтеді. Шаруа эко-өнімнің таза болуына Жуалының саф табиғаты тікелей себеп дейді. Нәтижесінде, соңғы 2 жылда бал қымызын сыртқа сатып жүр. Күн жылынғанда, тапсырысы тіптен еселенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу