Қордай ауданына алғашқы гуманитарлық көмек жетті

1381

Құқық қорғау органдары, Ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдай саласының қызметкерлері тыныштықты күзетуде.

Қордай ауданына алғашқы гуманитарлық көмек жетті

Жамбыл облысы Қордай ауданында бүгіннен бастап мектеп, балабақшалар қайта жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті мұғалімдер күнделікті жұмысқа шығып, оқушылар оқу бағдарламасын жалғастырады. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік-гуманитарлық көмек беру шаралары да басталды. Құқық қорғау органдары, Ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдай саласының қызметкерлері тыныштықты күзетуде.

Сондай-ақ өткен түні Сортөбе ауылына алғашқы гуманитарлық көмек келіп жетті. 5 тонна ұн, 1,5 май, 2 тонна қант, 2 тонна күріш, балаларға жаялық, жылы киімдер, 10 мың дана дәрі-дәрмек Жамбыл ауданынан жіберілген. Бұл заттарды Жалпақтөбе ауылының тұрғындары жәрдем, демеу болсын деп ерікті түрде жинапты. Жеткізілген заттар штабқа түсірілді. Енді шетінен қажет болған жағдайда көмекке мұқтаж жандарға тарату шаралары ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу