Қордай ауданында электр станциясын салу үшін Үкіметтен қаражат сұралды

744

Жамбыл облысы, Қордай ауданы электр энергиясының 90%-ын Қырғызстаннан алады.

Қордай ауданында электр станциясын салу үшін Үкіметтен қаражат сұралды Фото: korday.ru

Қордай ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлуді сұрап, сенатор Бекболат Орынбеков Үкімет басшысының атына сауал жолдады, деп жазады inbusiness.kz.

Депутат электр энергиясының 90%-ын Қырғызстаннан алып отырған аудан халқы үшін жаңа электр станциясы қажет, сонда тұрғындар көрші мемлекеттің электр энергиясына тәуелді болудан арылады деп есептейді.

"Бүгінгі таңда Қордай ауданында қуаты 63 МВт қосалқы станциясы мен жоғары вольтты желіні салу бойынша, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, жалпы құны 21 млрд. теңгені құрайтын жоба дайындалды. Ол жүзеге асқан жағдайда, жоспарланған және құрылысы жүріп жатқан нысандарды электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, тариф құнын төмендеуіне де септігін тигізеді", - деді сенатор.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу