Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды

1581

7 ақпан күні Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болды.  

Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қордай ауданының аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше ауыл тұрғындарының арасындағы болған жаппай төбелеске байланысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады", –  деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті Төтенше жағдай 2020 жылдың 8 ақпанында сағат 21:00-де басталды. Төтенше жағдайды жою басшылығына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков тағайындалды. Оған осы шешімнен туындайтын тиісінше іс-шараларды өткізу жүктелген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу