Қордай ауданындағы 10 ауылға көгілдір отын жетті

708

Қордайлықтардың көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 47-ден 95 пайызға дейін артпақ.

Қордай ауданындағы 10 ауылға көгілдір отын жетті

"ҚазТрансГаз" ұлттық операторы мен Жамбыл облысының әкімдігі бұл жобаны Президенттің тапсырмасы бойынша атқарып отыр. Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе, Масаншы, Қаракемер, Қарасу, Өтеген, Қызылсай, Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 ауылдарына газ бен қамтамасыз ету үшін 392 шақырым құбыр тартылыпты. Бұл 62 мыңнан астам тұрғын мен 274 әлеуметтік және кәсіпкерлік нысанының табиғи газбен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Осынау жағымды сәтті нүктесін облыс әкімдігі Тәуелсздік күнінің қарсаңында қойып отыр.

"70 жылдан астам уақыттан бері Қордайға газ тарту мәселесі шешілмей келген еді. Осы тұрғыдан алғанда биылғы жылды – тарихи жыл деп атауға болады. Ел Президентінің қолдауының арқасында ауданның 100 мыңға жуық тұрғын тұратын 22 ауылды газдандыруға 10 миллиардтан астам теңге бағытталды. Нәтижесінде, қордайлықтардың көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 47-ден 95 пайызға дейін артпақ. Мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды мұнда болмаған", - деді өңірдің әкімі Бердібек Сапарбаев.

Газ құбырын тарту құрылысы "Қордай" автоматты газ тарату станциясын (АГТС) қайта құрумен және оның өткізу қуаттылғын арттырумен қатар жүргізілді. Аталған станцияны қайта құру жұмыстары 12 елдімекенге газ тарту ісін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу