Қордай ауданының тұрғыны екі келіден астам героинмен ұсталды

800

Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қордай ауданының тұрғыны екі келіден астам героинмен ұсталды

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері  "Көкнар-2019" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қордай ауылында тұратын 45 жастағы ер адамның үйіне санкцияланған тінту жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы департаменттің басшысы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында жазды, – деп хабарлайды “ZhamvylNews” АА.

Тексеру барысында оның сарайынан шүберекке оралған екі брикет табылды. Олардың ішінде құрамында ұнтақ тәрізді заты бар екі полиэтилен орамасы табылған. Сот-химиялық сараптама актісіне сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 2 келі 51 грамм "героин" есірткі құралы.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу