Бұл күні көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар жаңа пәтерге ие болды.
Тұрғын үй аумағы толығымен абаттандырылып, сумен, электр және газбен қамтылған. Үйлердің қабырғалары Абай мен әл-Фараби бейнелері бейнеленген муралдармен безендірілген.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай тұрғындарының қоныс той қуанышымен бөлісті.
"Елбасы мен Мемлекет басшысының саясаты халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған. Бізге оңай болмаған өтіп бара жатқан жылда бұған тағы да көз жеткіздік. Пандемияға қарамастан, 2020 жылы бүкіл Қазақстан аумағында үлкен құрылыстар жүзеге асты. Ел бойынша 15 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Үй кілттерін ең алдымен аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы басқа да азаматар иеленуде. Бұл бағытта Қордай ауданында да көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Баршаңызды баспана қуаныштарыңызбен және Жаңа жылыңызбен құттықтаймын! Шаңырақтарыңызда тек шаттық орнасын", - деп ізгі лебізін жеткізді Бейбіт Атамқұлов.
Бейбіт Атамқұлов пен Бердібек Сапарбаев қоныстой иелерімен бірге жаңа пәтерлерді аралап шықты.
Аудандық құрылыс бөлімінің бастығы Елдос Мендекеев Қордай ауылында келесі жылы пайдалануға берілетін тағы екі көпқабатты тұрғын үй салынып жатқанын жеткізді. Гвардейск ауылында биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған тағы бір үй бой көтеруде.