Қордай оқиғасы бойынша тергеудің алдын ала қорытындылары жарияланды

1710

Полицейлерге күш қолданғандар 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Қордай оқиғасы бойынша тергеудің алдын ала қорытындылары жарияланды

Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев Қордайда болған қайғылы оқиға бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің алдын ала қорытындыларын жариялады.

"Кикілжің тек тұрмыстық негізде болды. Биылғы жылы 5 ақпан күні Сортөбе ауылында автокөлік жолында болған оқиға кезінде егде тартқан адам жарақат алды. Осы оқиға барысында қылмыс жасады деген айыппен екі адам күдікке ілінді. Біреуі сот санкциясымен қамауға алынды. Жақында тергеу амалдары аяқталып, істі сотқа жібереміз. Осы ауылдың бір тұрғыны 7 ақпан күні Хонда Одиссей автокөлігімен полиция талабын орындамай, үйіне кетіп қалады. Үйінің жанында ол адам туыстарымен бірге полиция қызметкеріне күш қолданды. Ол күдіктілер сот санкциясымен тұтқындалады. Ал 2020 жылдың 18 наурызындағы сот үкімі бойынша ол үш адам айыпты деп танылып, әрқайсысы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді ол.

Ерлік Кененбаевтің сөзінше, шиеленісті қылмыстық топтар өз мүдделеріне пайдаланған.

"Осы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар жағымсыз хабарламаларды әлеуметтік желілер мен месенджерлер арқылы таратты. Бұл жағдайды қылмысты топтар пайдаланып, халықты әлеуметтік жікшілдікке үгіттеп, күш көрсетуге шақырды. Жалған хабарламаларға сенген жергілікті тұрғындар мен басқа өңірлерден келген адамдар 8 ақпанға қараған түні Масаншы, Бұлан батыр және Ауқатты ауылдарына жиналып, тәртіпсіздік орнатты", – деген Ерлік Кененбаев адам шығыны да болғанын еске алды.

Бас Прокурордың орынбасарының мәліметінше, бүгінгі күні тергеп-тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда.

"Қылмыстық істерді тергеу барысында сот санкциясымен 7 тұлға қамауға алынды. Бүгінгі күні Жамбыл облысы аумағында, Алматы, Шымкент қалаларында жаппай тәртіпсіздіктің ең белсенді 25 адам қатысушысы тұтқындалды. Олардың арасында қазақтар, дүнгендер, қырғыздар бар. Олардың жетеуі бұрын сотталған. Тергеу жалғасуда әрі ерекше бақылауға алынды", – деп атап айтты Ерлік Кененбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Қордай ауданында жағдай тұрақты.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу