Қордай оқиғасы сияқты жайттардың алдын алатын 5 жұмыс тобы құрылды

1077

Жамбыл облысында "Бейбітшілік пен келісім" атты жаңа жоба бастау алды. 

Қордай оқиғасы сияқты жайттардың алдын алатын 5 жұмыс тобы құрылды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған "Бейбітшілік пен келісім" жаңа жобасының жүзеге асу барысы талқыланды.

"Қордай ауданында орын алған оқиғалар жергілікті тұрғындардың арасында бірқатар мәселенің бар екендігін көрсетіп берді. Алдағы уақытта осындай жағдайлардың орын алмауы үшін алдын алу жұмыстарын күшейту, барлық тиісті шараны қабылдау керек. Жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін және оларды қандай мәселелер толғандыратынын зерделеп отыру қажет", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мәселелер мен ауыл шаруашылығы мәселелерін, діни аспектілер мен қауіпсіздікті зерделеу секілді бағыттары бойынша бес жұмыс тобы құрылды. Әрбір жұмыс тобының тізімдері бекітіліп, оған тиісті ведомстволардың бірінші басшылары мен салалық мамандар енді. 

Айта кету керек, жұмыс тобы ең алдымен 12 наурыз күні Қордай ауданына аттанбақ. Бұл тұрғыдағы жұмыстарды облыстың барлық аудандарында жалғастыру көзделген. Аудандардағы тиісті ахуалды зерделеу қорытындыларына сәйкес нақты ұсыныстар әзірленбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу