"Қордай" өткізу бекеті жаңғыртылады

1767

Жаңғырту жұмыстарын бастау биылғы жылдың соңына қарай жоспарланған.

"Қордай" өткізу бекеті жаңғыртылады

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы "Қордай" өткізу бекеті жаңғыртылады. Бұл жайында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берілген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу бекетін жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңғырту жұмыстарын бастау биылғы жылдың соңына қарай жоспарланған", – дейді үімет басшысы.

Сонымен қатар премьер-министр қазақ-қырғыз шекарасындағы қалған алты бекеттің жаңғырту жұмыстарын қажет етпейтіндігін, көлік құралдары мен жолаушылардың үздіксіз ары-бері өтуін қамтамасыз ететіндігін атап өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу